Бастауыш сынып әдістеме бірлестігі

Рассмотренных обращений: 5
Не рассмотренных обращений: 2

Прием документов 1-х классов
Автор: Жүсіпбекова Д.М.

Тәрбие сағаты: «Ұлттық ойындар»

Тәрбие сағаты: «Ұлттық ойындар»

 

6 сәуірде 4 сыныптар аралығында «Ұлттық ойындар» атты  ашық тәрбие сағаты өтті.Мақсаты ұлттық ойындарды ұмыт қалдырмай. Ойын-сауықтан әлі арыла қоймаған бастауыш сынып оқушыларының қиялын қозғап, сезімдерін аялап, денеге қуат, жанға саулық беріп, ой-өрісін дамыту. Оқушыларды ойын үстінде жолдастыққа, достыққа баулу.

Сабақтың бірінші бөлімінде Уалиханов Темірлан  ұлттық ойындар туралы дайындап әкелген ақпаратымен оқушыларды таныстырып өтті. Екінші бөлімінде ұлттық ойындар негізінде 4 «а» мен 4 «қ» сыныптар аралығында жарыс өтті. Жарыс мынадай ойындар арқылы өтті: «Түйілген орамал», «Қуып жет», «Аударыспақ», «Жігіт қуу», «Бәйге», «Теңге ілу», «Тартыс», «Ақ сүйек» д.б. Жарыс нәтижесі  «Достық жеңді»деген шешімге келді. Сабақта ойналған ойындар тек балалардың дене күш-қуатын молайтып қана қоймай, олардың ақыл-ойының толысуына, есейіп өсуіне де пайдасын  тигізді. Сабақ қызықты да, тартымды өтті, оның себебі балалар осындай жарыс түрінде сабақ тағы да болсын деген ұсыныстарын білдірді.

 

Өткізген мұғалім: бастауыш сынып мұғалімі Жусупбекова Д.М.


Просмотров: 1025
Дата создания: 14.04.2012
Дата редактирования: 14.04.2012

Интернет-ресурстың интерфейс тілін таңдап алыңыз

Выберите язык интерфейса Интернет-ресурса

Select the interface language of an Internet-resource




Интернет-ресурстың контент тілін таңдап алыңыз

Выберите язык содержимого Интернет-ресурса

Select the content language of the Internet-resource