Бастауыш сынып әдістеме бірлестігі

Рассмотренных обращений: 7
Не рассмотренных обращений: 0

Құттықтаймыз!!
Автор: М.С. Жаманова № 21 орта мектептің жоғары санатты бастауыш сыны

ДАМУ МҮМКІНДІГІ УАҚЫТША ТЕЖЕЛГЕН БАЛАЛАРМЕН САБАҚ ЖӘНЕ ТӘРБИЕ ШАРАЛАРЫН ӨТКІЗУДЕ ЖҮРГІЗІЛЕТІН ТҮЗЕТУ ЖҰМЫСЫ

ДАМУ МҮМКІНДІГІ УАҚЫТША ТЕЖЕЛГЕН БАЛАЛАРМЕН        САБАҚ ЖӘНЕ ТӘРБИЕ ШАРАЛАРЫН ӨТКІЗУДЕ ЖҮРГІЗІЛЕТІН ТҮЗЕТУ ЖҰМЫСЫ

 

М.С. Жаманова

№ 21 орта мектептің жоғары санатты

бастауыш сынып мұғалімі

Ақмола облысы, Көкшетау қаласы.

 

1919 жылдың 10 желтоқсанында Халық Комиссарлар Кеңесі дене және ақыл-ой кемістігі бар балалардың денсаулығын сақтау жөніндегі қаулы қабылдады.

Кемістігі бар балалар арнаулы мектептерде оқытылады.Тіл кемістігі бар балаларға сөйлеуді, оқу, жазуды үйрету, жұмыс жүргізуді талап етеді. Кейбір балалар сөздерді анық айта алмай, былдырлайды, сөйлегенде кекештеніп, тұтығы қалады Мысалы: Қойысова Ж,Қазиев Ерболат жеке сөздерді толық айта алмайды. Мұндай жағдайда олардың сөйлеуін қадағалап, жаттықтыру жұмыстарын жүргізу қажет,

2000 жылдың соңында біздің елімізде 42,2 мың мүгедек балалар бар екен.Мүмкіндігі шектеулі балалар отбасының әлеуметтік-педагогикалык проблемаларын зерттеп білу, оларды шешуге әлемдік тәжірибеге сүйеніп, Отандық төл мамандарын тарту бүгінгі күн тәртібіндегі ең өзекті мәселе.

Балалар құқығы 1959 жылы қабылданса, биыл «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңы қабылданды.Үкіметтің қарауында қамқорлықта болуға құқылы.

Ұлы педагог А.С.Макаренко «Баланың өскенде қандай болатыны, оның бес жасқа дейінгі тәрбиеге байланысты»- деген. Баланың жастығына қарамастан ақыл-ой тәрбиесін басты назарда.

Ақыл-ой тәрбиесі тек ойдың дамуы ғана емес,оның дамуы ойлау процесінің құрылысымен де сипатталады. Даму баланың сандық, сапалық жағынан жетілуі, психикасының, ой-санасының өсуі.

Ақыл ойдың дамуы дегеніміз-оқушының жасына байланысты білім мен тәрбиенің әсерінен, оның ақыл-ой әрекетінде болатын сандық және сапалық өзгерістердің жиынтығы. Ақыл-ойды дамытудың шарты, іс-әрекеттін тиімді ұйымдастырылуы, әлеуметтік ортаның әсері, адамдардың қарым-қатынасы, тілді меңгеруі, қабылдауы мен түйсінуі, берілетін білім сапасы.

Жас ұрпақтын ақыл-ойының дамуы еңбек пен ғылым, білімнің ұштасуына байланысты.

Халықтық педагогикада «Тәжірибе негізі-ғылым,даналық негізі-білім», «Ақыл азбайды», «Оқу түбі-тоқу» өмір тәжірибесінен туындаған қағидаларды жас ұрпақтың ақыл – ойын тәрбиелеу үшін пайдаланған.

Жас ұрпақтың дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру ең алдымен білім негіздерін оқу үрдісі ( тіл, әдебиет, тарих, қоғамдық пәндер, математика т.б.) арқылы іске асса, оның логикалық жалғасы, тәрбие ісінде жалғастыру.

Мұғалім  ұжымы  - асқан  сезімтал, күрделі  организм. Педагогикалық  ұжымды  ой, идеялар , шығармашылық  жасайды. Ұжым  - әрбір  мұғалім  үшін , творчестволық  ізденістің  қайнар  көзіне  айналуы  тиіс . Әрбір  мұғалімнің  теориялық  , методикалық  шеберлігін , практикалық  деңгейін  жетілдіре  отырып , шығармашылық  жағдай  туғызу  және  әріптестердің  бір – бірімен  қарымқатынасы  өте  маңызды .

«Бір – біріне  толықтай  бірлік  қалыптаспаған  мұғалімдер  колективінде, бір  -біріне  көмек  бермейтін,  өз  жолдасына  қателігін  айта  алмайтын, өз  жолдасының  сынына  бағына  алмайтын  жерде  педагогикалық  коллектив  болуы  мүмкін  емес»   -  деп  А. С. Макаренко  айтқандай, әрбір  педагогтың  өз  ісін сүйетін, шеберлігін  шыңдайтын  ортасы  да  -  мектеп  ұжымы. Адам– ұжым  - қоғам  өзара  қарым  - қатынас   жүйесі  арқасында  ұжым  қоғамның  белсенді  қайраткерін, азаматтық, қоғамдық  проблемаларға  өте  сергек  қарайтын, ел  мүдесімен, ел  тілегімен  өмір  сүретін  жауапкершілігі  мол, саналы  азаматты  тәрбиелейтін  күшке  айналады .

Ұжымдық - өз  мүшесін  толықтай  бағалай  білуі, тұлғалық  қасиеттерін  саралап, көрсете  білетін  орта  болуға  тиіс .

Жас  маман -  қиыншылықты  білуге  тәрбиеленуі, аға  буын  тәжірибесін  байытуға, өзінің  алдындағы  мақсатына  жете  білуге  дағдылануы  тиіс.

«Мектептің  қай – қайсысы да өз  шәкірттерінің   санымен  емес, дағқымен  мықты» - Н. И. Пирогин.

Жас ұрпақты  тірбиелеуде,  оның бойындағы туа біткен табиғи  мүмкіндіктерін  дамыту, бағалау, сенім, талап  ету  арқылы  жауапкершілігін  жетілдіруг, ынтымақтастық  педагогикасын пайдалану арқылы жеке  тұлғаны   қалыптастыруға  жол  ашылады  -  ( «2030 – стратегиясын  жүзеге  асыру – жастардың  міндеті »  атты  жолдауында ) делінген  болатын. Осы  мақсатта  даму  мүмкіндігі  шектеулі  балалардың  дамып  жетілуіне   жан- жақты  ат  салысуда , Қазақстан  Республикасының  2002  жылғы  11  шілдедегі  № 343 – 2 «Кемтар балаларды әлеуметтік  медициналық – педагогикалық  түзеу  арқылы  қолдау »  туралы  заңын  іске  асыру  бағытында  басшылыққа  алынып  жүзеге  асырылуда

  Елбасымыз  Н . Ә . Назарбаевтың   дәстүрлі  жолдауында  даму  мүмкіндігі  шектеулі  балалар  тәрбиесіне  ерекше  мән  беріліп , мұғалімдер  мен  тәрбиешілердің  іс – тәжірибелерін  саралай  келіп  , коррекциялық  тәрбие  жүйесін  құрдық .  Бұл  тәрбиенің  негізгі  мақсаты  - еңбекке  үйрету, өмірде  өз  орнын  табуға  баулу , өмірге  икемді  жеке  тұлға  қалыптастыру.

Ең  алдымен  тәрбие  ісіне  терең  сезім  қажет . Тәрбиеге  нағыз  сенім  бар  жерде  ғана , нағыз  талапшылдық , еңбек  тәртібі  бар .

« Тәрбиелеуде  мұғалімнің  өзінің  не  біліп , не  істейтіні  маңызды – ақ , бірақ  оның  ықпалымен  шәкірттерінің  не  біліп , не  істейтіні  одан  да   маңыздырақ . Мұғалімдер , міне  осынысымен  бағаланады » . ( Цицерон )

Даму  мүмкіндіктері  уақытша  шектелген  балалармен   жүргізілетін  қандай  жұмыс  болмасын  оқушыларды  қоршаған  өмірге  биімдеуге ,  олардың  сөйлеу  тілін  ой - өрісін  дамытуға  негізделуге  тиіс . Арнайы  мектеп  интернатта  оқып  тәрбиеленетін 62  оқушы , оларға  өз  көмегін  көрсетіп  жатқан  16  мұғалім , 8  тәрбиеші  , 2 логопед , 1 психолог  бар .

Барлығыда  білімдерін  көтеріп , оқушыларға  көмегін  көрсетуге  әзір .  Оқыту  дегеніміз - өнер . Өнер  болғанда  күрделі , нәзік , көп  қырлы және  өзіндік  ерекшеліктері  бар  өнер , өйткені  бұған  екі  адам  -  мұғалім  мен  оқушы  қатысады  . Оқыту  нәтижелері  оқушының  білім  сапасынан  , даму  дәрежесінен  көрінеді . Оқыту  әдістері  дегеніміз – мұғалім  мен  оқушылар  жұмысының  тәсілдері , бұлардың  көмегімен  оқушылардың  білімдік , шеберлік  пен  дағдыларын  игеруіне  қолы  жетеді , олардың  дүниеге  көз  қалыптасады    және   олардың  қабілеті  дамиды .

Әдістің  мұндай  анықтамасы  оқыту  және  тәрбиелеу  процесінің  негізінен  туады . Мұғалім , тәрбиеші  балаларға  қажетті  тәрбие  мен   білімдерді  қамтамассыз  етіп , олардың  ойлау  белсенділігін  арттырып , білім  алуға  деген  ынтасын  оята  алатын  жұмыстардың  әдістері  мен  тәсілдерін  таңдап  алады . Ол  тәсілдер  үш  топқа  бөлінеді :

1.     Әңгіме  айту , түсіндіру , әңгімелесу , оқулықпен  және  кітаппен жұмыс  істеу .

2.     Көрнекі  әдістері : қызықты  тақырыпқа   сай көрнекі  құралдар болу керек .

3.     Осы өтетін тақырып  практикалық  әдістер  болу  керек .

Оқушылардың  ерекшеліктеріне  қарай  сабақта  оқушылар  үшін  ойынды

Басшылыққа  алудың  ролі  зор .

Ауылшаруашылық  өндірісінде  немесе  өнеркәсіптік   жағдайдағы  жұмысшылардың  ортақ  ұжымдарында  дербес  қмірге  және  еңбекке  тәрбиеленушілерді  дайындау  - арнайы ( коррекциялық )  мектептің  негізгі  міндеті  болып  табылады .  Осы  аталған  талаптарды  бұзбаудың  арқасында  көпшілік  балалардың    әлеуметтік  оңалту  түпнұсқаының  іске  асу  мүмкіндігі  туады . Бұл  мәселеден  арнайы (коррекциялық ) мектептің  заңдылығына  сай , даму  деңгейі  бұзылған  балаларды  еңбекке  баулу  мазмұнын  таңдау  қағидасының  бірі - әлеуметтік  маңыздылық  болып  табылады . Біздің  қоғамымызға  қажетті  балаларды  еңбекке  даярлау  арнайы  мамандықтар  бойынша  жүргізілуі  тиіс . Сонымен  қатар  , біздің  мектептің  түлектері  белсенді  түрде  еңбек  өндірісіне  қатысу  мүмкіндігінің  болуы  шарт .

  Тұрғындардың  тіршілік  деңгейінің  әрдайым  төмендеуі  мен  экономикалық  және  саясаттық   тұрақсыздықтың  салдарынан  балалардың  әлеуметтік  және  экономикалық  жағдайға  бейімделу  үрдісі  күрделене  түсуде . Осыған  байланысты  арнайы  ( корекциялық ) мектептерде  еңбекке  оқыту  бағдарламасының  мазмұнын  қайта  өзгерту  қажеттілігі  туындап  отыр .

Жаңа  негіздік  оқу  жоспарына  сай  Қазақстанның  көмекші  мектептеріндегі  еңбекке  оқыту  жүйелі  түрде  іске  асуда .

 Әлеуметтік-тұрғын  бағдарына  (ӘТБ)  бағытталған  арнайы  (коррекциялық  ) сабақтар , даму  деңгейі  бұзылған  балалардың  білім  мен  іскерлігін  қалыптастырып , орта  даму  деңгейін  жоғарлату  негізінде  әлеуметтік  бейімделу  ісін  іске  асырды . Әлеуметтік-тұрғын  бағдар (ӘТБ)  бойынша  жүргізілетін  арнайы  (коррекциялық)  сабақтар  тәжірибелік  бағытты  ұстанады .                     

«Түзеу сыныптарында  өнер сабақтарын өткізу ерекшеліктері» тренинг

Мақсаты: Түзеу сыныптарында өнер сабақтарын өткізу тәжіребелерімен алмасу, мұғалімдермен пікірлесе отырып,ортақ шешімге келу.

Көрнекілігі: DVD,караоке,маркер,ақ плакат,магнитафон,диск.

Түрі: тренинг.

I.Амандасу –танысу  бөлімі

1.                      «Менің атым кім?» жаттығуы.

2.                      Топқа бөлу.

3.                      келісім шарт жасау-ілу.

ІІ. Негізгі бөлім

1.                      «Мүсінші » жаттығуы.

2.                      «Мен және менің оқушыларым».

-   жануарлар бейнесінде;

-   «Жаңбыр астындағы адам»;

-   «сынып өмірінен алып тастар едім...»-әр топ ең ұтымды жұмысын қорғайды.

3.                      Топқа қайтадан бөлу-қалаған түстеріне қарай, үстелге отырады.

4.                      «Теңіз толқындарының биі»-жаттығуы.

5.                      «Мини сұхбат»-берілген сұрақтарға жауап беру.

6.                      «Сиқырлы әуен».

 

ІІІ. Қорытынды бөлім

1.                      «Жүрек» символын тапсыру.

2.                      Ортақ пікір, шешім қабылдау.

                           

Тіл дамыту сабақтарында оқушылардың

шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары.

                           

                                                             

Ұзақ жылдар бойы жалпы білім беретін мектептің негізгі мақсаты-оқушыға білім,іскерлік дағдыны қалыптастыру деп қарастырылып келді.Ал қазіргі мектеп,ұстаз алдында жеке тұлғаны қалыптастыру мақсаты тұр.  Қазақстан Республикасында білім беруді 2010 жылға дейін дамытудың мемлекеттік бағдарламасында ақпараттық және коммуникативтік технологияны қолдану негізгі міндеттерінің бірі ретінде қаралған.”ХХІ ғасырда білімі дамымаған елдің тығырыққа тірелері сөзсіз.Демек, біз қадам басқан ХХІ ғасыр жақсы , білімді, бәсекеге қабілетті ұрпақты талап етуі оңды құбылыс.Білім саласындағы бет-бұрыстың негізгі мақсаты-оқу-тәрбие үрдісін түбегейлі өміршеңдету, жаңашылдандыру. Қазіргі таңда білім саласында жүргізіліп жатқан реформаның басты мақсаты-ой-өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын, дүние танымы жоғары, бәсекеге қабілетті жан-жақты қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу.Бастауыш мектеп оқушыны жеке тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы.Әр сабағымда дамыта оқыту технологиясын, оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау дамыту технологиясын қолданамын.Бұл технологиялардың оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыруда алатын орны ерекше.Оқушылардың ойы шыңдалып,белгілі бір жетістіктерге жетеді,танымдық белсенділігі,сабаққа қызығушылығы,шығармашылық қабілеттері дамиды. Дамыта оқыту үрдісінде  оқушы оқу  әрекетімен  шұғылданып,  теориялық  ойлауға  икемделеді,  білімді  өзі  меңгеруге  мүмкіндік  алады. Дамыта оқытуда баланың ізденушілік-зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты  назарда  ұсталады. Ол  үшін  бала  өзінің  осы  кезге  дейінгі білетін тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезініп, содан барып оның  білім алуға  деген    ынтасы  артып,  білім  алуға  әрекеттенеді. Сабақ мұндай жағдайда  төмендегідей  3  құрамдас  бөліктерден тұратын болады.

Оқу мақсаттарының нақты қойылуы.

Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру.

Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.

Бұл   үшеуі - дамыта   оқытудың  Д. Б. Эльконин – В.В. Давыдов жасаған жүйесінің  негізгі  компоненттері.  Оқушы  алдына  оқу  мақсаттарын  қоюда ешқандай  дайын  үлгі  берілмейді. Мақсатты  шешу  іштей  талқылау, сосын жинақтау  арқылы  жүзеге  асады.  Мұғалім  сабақ  үрдісін  ұйымдастырушы, бағыттаушы  рөлінде  ғана  болады.  Шешім  табылған  кезде  әркім  оның дұрыстығын  дәлелдей  білуге  үйретіліп,  әр  оқушыға  өз  ойын,  өз  пікірін  айтуға мүмкіндік беріледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Республика білім және  ғылым  қызыметкерлерінің  ІІ съезінде  сөйлеген  сөзінде білім беру ісін реформалаудағы  стратегиялық  міндеттердің  бірі  шығармашылық тұрғыдан ойлау білетін жеке тұлғаны қалыптастыру  мен  тәрбиелеу  екендігіне баса назар  аударып,  жалпы  білім  беретін  орта  мектепте  білім  берумен қатар адалдық, адамдық. Отанын сүйе білу сияқты гумандық  сезімдерге  тәрбиелеу қажеттігі өзекті мәселе болып отырғандығын ерекше атап өтті. Гуманизациялаудың  түпкі  мақсаты – оқушыны  жан-жақты  танымдық ұмтылысы  бар субъект  етіп,  шығармашылық  тұлға  етіп  қалып-тастыратын, дамуға апару.

Ғылыми  әдебиеттерде  әр  саладағы  ғалымдар-өркениетті  деңгейге жету үшін, гуманизациялаусыз әлеуметтік прогресс туралы сөз қозғауға  болмайды деген салмақты пікір айтады.

Баланың қабілеттерін дамыту мәселесі өзінің тамыры адамзат тарихының тереңінен алады. Ежелгі грек ғалымы және философы Сократ өз оқушылары-

ның дамуына үнемі қамқорлық жасап отырған – дейді.

Адамның ақыл – ойын,  қабілеттерін  дамыту  арқылы  осы  бақыт жолына жеткізу мәселесіне бірнеше  күрделі  еңбектерін  тікелей  арнаған  шығыстың әйгілі ойшылы - Әл Фараби  болады.  Бүкіл  бір  халықтың  ұстазы  ұлы Абай өзінің қара сөздерінде ( 43-сөзі). Бала өмірге  келгендегі қабілеттері әрі қарай дамытуды қажет ететінін, сонда ғана олар пайдаға асатынын жазған. 

Ал  назардан тыс қалаған қабілеттер бара-бара жойылып, жоқ болатынын айтқан  екен. «Қабілеттер - адамның  іс-әрекеттің  белгілі  бір  түрін  орындай алу   мүмкіндіктері » -деген  де  анықтама  бар.  «Мүмкіндік  білім  де,  дағды да емес. Ол адамның белгілі бір істі орындауға даярлығы »– деп қарастырады Ә.Алдамұратов.  Психологтер  қабілеттердің  2 түрлі  деңгейі  болатындығын дәлелдейді.

Репрадуктивті (өнімсіз) - іс-әрекетті,  не  білімді  берілген  үлгі  бойынша қабылдай, меңгере алу деңгейі.

Шығармашылық – жаңа  нәрсе  ойлап  табуға  бағытталған  қабілеттер деңгейі.

Ал «шығармашылық» сөзінің  мәні  неде?  десек,  «Шығармашылық» сөзінің төркіні  (этимологиясы)  «шығару»,  «іздену»,  «ойлап  табу»  дегенге  келіп саяды.

«Шығармашылық»  мәселесін  терең  зерттеген  Я.Н.Пономарев  оны «даму» ұғымымен қатар қояды.  Өйткені  әрбір  жаңалық,  әсіресе  интелектуалдық тұрғыдағы баланы жаңа психикалық сапаға көтереді.

И.Левитовтың пікірінше, оқушыларды, шығармашылық қабілеттері деп біз іс-әрекет қорытындысында жаңа бір нәрсені үйренулері және олардың даралық бейімділіктерінің, қабілеттерінің көрінуі болып табылады. Бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай қабілеті, олардың белгілі бір іс-әрекетпен айналысуға бет бұрысы, оған көңілінің аууы, яғни оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі.

Сондықтан да әрбір педагог балалық кезде ерекше көзге  түсетін бейім-

діліктердің, келешекте олардың қабілеттерінің көрсеткіші екенін ұмытпай, оқушылардың бейімділіктерін дер кезінде көре біліп, оларды соған сәйкес келетін қабілеттерді дамыту біздің міндетті борышымыз екенін ұмытпауы-

мыз керек.

2.Әр жеке адамның шығармашылық кезеңі жаңалық ашуға деген ынтамен

серіктес екенін есте сақтау қажет. Әсіресе, бала бойындағы шығармашылық қабілеттерін бағыттап, тәрбиелеу-қазіргі таңдағы ата-ана мен мұғалімнің ең басты міндеті.

 «Өз біліміңмен балаларды шектеме, олардың туылған уақыты бөлек емес пе»?-деп айтылған пікірге зер салып қарасақ. Қазіргі таңдағы баланың көзқарасы, уақыты қандай, олар неге дайын болу керек?

Оқушыны неге дайындаймыз?

 

О      *  Қоғамның белсенді азаматы болуға;

қ       *  Қалаған іске жауапкершілікпен қарауға;

у       *  Өз ойын, көзқарасын құра білуге;                                                     

ш      *  Сұрақтар қойып, оны жан-жақты талқылай білуге;

ы      *   Ойын еркін жеткізіп, шығармашыл ізденісті қалыптастыруға;     

               

Осындай жоспарды алдыма қоя отырып, ұстаздық өмірдегі тәжірибемде оқыту барысында алдыма қойған мақсатым –баланы субъект ретінде оқу ісіне өзінше қызықтыратын, оған қабілетін арттыратын жағдай туғызу, ойлау дағдыларын жетілдіру. 

Осы мақсатпен тіл, таңдаулы пән сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту- негізгі ұстаным.

1. Дүниетанымдарын  кеңейту.

2. Жеке қабілеттерін көре білу, оны     дамытуға  толық мүмкіндік туғызу.                                            

3. Қабілетіне қарай шығармашылық  жұмыспен шұғылдануға машықтандыру

4. Бойындағы қасиетіне қарай ізденуге жол көрсету.

5. Өз жұмысының нәтижесін көру.

6. Өз-өзіне сын көзбен қарауына.

7. Жеткен жетістігінен ләззат алуға   мүмкіндік беру. 

 Бастауыш сынып оқушыларының кез-келген шығармашылық тапсырмаларды шешуді табыспен меңгере алады. Ол үшін төмендегі шарттар орындалуы тиіс.

Біріншіден  - баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту ісін ерте бастан қолға алу. Мысалы біз тіл үйрету үшін баланың туған сәтінен бастап сөйлесе бастаймыз ғой. Немесе музыканттар жан-ұясында үнемі музыка естіп өскен баланың сол өнерге қабілеті өте ерте ашылады. Осыны басқа қабілеттер дамытуға неге пайдаланбасқа.

Екіншіден- баланың жүйелі, тұрақты ұйымдастырылған шығармашылық әрекеттер, жағдайында болуы. Ерекше ойды талап ететін әлеуметтік қарым-                   

қатынастар шығармашылық қабілеттер дамытуға тиімді әсер етеді деп ойлаймыз.

Үшіншіден - шығармашылық жұмыстар баланың ойлау мүмкіндігінің ең жоғарғы деңгейіне жетуі керек. Күн асқан сайын ол деңгей бейіктей беретіндей болуы қажет. Осындай тынымсыз ой қызметі ғана бала дамуындада үлкен нәтиже береді.

 Төртіншіден - және ең негізгі  шарт бала әрекеттің әр түрімен айналасуға, тыңдауына деген еркіндігінің болуы. Баланың  жұмыспен  айналысуға   деген

қызығушылығы, қанша уақыт айналысамын десе де өз еркі болуы керек. Мұндай қызығушылық, қажеттілік, табысқа жетудің бірден-бір кепілі болып табылады. Бірақ балаға берілетін еркіндік үлкеннің, қамқорлығын, көмегін талап етеді. Міне, бұдан шығармашылық қабілеттер дамытудың Бесінші шарты шығады. Еркіндік – ойға не келсе соны істеуге, ал қамқорлық, көмек бала үшін жұмыс істеуге айналмауы керек. Балаға елеусіз болса да өз күшімен, өз ойымен, қиындықты жеңе отырып «Жаңалық» ашуға жағдай жасауымыз қажет.

 Ұстаз міндеті- оқушының бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету. Кез-келген оқушы мұғалімнің басшылығымен орындаған шығармашылық жұмыстың нәтижесінде өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. 

Бұл оқушыдан салыстыру, жоспарлау сияқты бала үшін қиындау тәсілдерді қолдануды талап етеді.

Осы тұрғыда әрбір мұғалімнен оқу үрдісін қайта қарауды бұрыннан қалыптасқан әдістермен технологияларды жаңа өмір талабына сай өзгертілген түрлерімен ұтымды ұштастыруды қажет етеді.  Оқытудың дәстүрлі түрінен басқа форма бар ма екен? Оқушыны  қызықтыру  үшін не істеуге болады? деген сұрақты алдыма қойдым. Оқытудың жаңаша әдіс түрлерін қосымша оқып, іздене бастадым. Бұл СТО бағдарламасының философиясын түсінуді талап етеді. Оқушыларға стратегияларды ұсына отырып, жаңа ақпаратты өзінше меңгеруге жұмылдыру жолына әрекет болып табылады. Ол үшін тіл дамыту сабағына өз алдына бағдарламалық талап қойып, күнтізбелік жоспарын жасап, сабақтың үш кезеңінен тұратын модельге көшу тиімді екеніне көзім жетті.

1.           Қызығушылықты ояту

2.           Мағынаны ашу

3.           Толғаныс бөлім.

Сын тұрғысынан  ойлауды  оқу мен жазу арқылы дамыту бағдарламасының   курстарына қатыстым. Сабағыма әр қырынан қарауды, жоғарыдағы сұраққа жауап іздеп оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін, оқушыны оқи отырып, жазуға төселдірудің жолдарын қарастыртым. Оқу мен жазуды сыни тұрғыдан дамытудың басты жолы сабақ өткізу мәнерін өзгерту деп білемін. Стратегияларды әр сабақтың мақсат-міндетіне сәйкес тиімді қолдану мұғалімнің шеберлігіне, іскерлігіне, ізденісіне байланысты. Сонда ғана оқушының оқуымен жазуына тілдік әрекетке өзгеріс енізуге  болады. Өз ойын айтуға еркіндік берілгенін бала сезінгенде ғана ашылады және нәтижелі болады. Оқушылардың оқу деңгейі жоғарылайды. Әр тақырыптың идеясын оқушылардың өздері ашады, кейіпкерге айналады, онымен бірге қуанады, қиналады, армандайды, қиялдайды, жағымды жағын алады.

Әліппе сабағына (қосымша 1 сағ таңдаулы) пәнге көркем  жазу әрі тіл дамыту  сабағына «Әріптер  сыры» деген дидактикалық құрал дайындадым. Мұндағы  оқушылар  әр  әріпке  сай  оның  дұрыс  айтылып,  дыбысталуына.  Сол  әріптен  басталатын  мақал-мәтелдер,  жаңылтпаштар,  өтірік  өлеңдер,  тізбек сөздер, жұмбақтарды оқытып, жаттатып, суреттер бойынша  әңгімелетіп,  сөздерді  буынға  бөліп  әріптерінің  баспа,  жазбалану  түрлерін  жазады. 

   Бұл   қосымша  дидактикалық құралды  жинақтағандағы мақсатым:

1. Оқушылардың  танымдық белсенділігін  арттыру,  сабақтың тартымды  өтуіне  пайдалану.

2. Жаңылтпаштармен  баланың тілін  ширатып,  мүдірмей  сөйлеуіне  үйрету.

3. Жұмбақтар арқылы  жас  жеткіншектің  тапқырлық  пен  дүниетанымын  қалыптастыру.

4. Мақал-мәтелдерді  пайдалану   арқылы  оқушылардың  ойларын  түйіндеу. 

5.Суреттер  арқылы  қиялын,  шығармашылық  қабілеттерін  дамыту. 

 1-ші  сыныптың  2-ші жарты жылдығында  оқушыға түрлі  тақырыпта  мазмұнды  шығарма  жаздырту  жұмысы  орын  алады.  Бұнда  ескертетін  бір  мәселе- бұл  оқушыға  ең  алдымен  шығарманың  үлгісін  көрсету  немесе  тіре схема беру. Себебі,  кез–келген  оқушы  бірден  шығарма  жазуға  қиналатыны  сөзсіз.

Екіншіден,  ересектердің  ықпалынан құтқару  мақсатында  оқушыға  алдын-ала  осы  бағытта  ізденуіне  жағдай  жасай  отырып,  шығарманы  іште,  яғни  сыныпта  жаздырту. 

Үшіншіден,  ерекше  бір ескертетін  мәселе- бұл  оқушы  еңбегін  бағалау.  Бұнда  мұғалім  ең  алдымен,  оқушының  ізденісін,  айтайын  деген  ойын  бағалай  білуге  тиіс.    

Себебі, бұл жастағы балалар көптеген грамматикалық қателер  жіберетіні  белгілі. Сол себепті де  уақытты  үнемдей  отырып,  оқушылармен  жеке  дара  жұмыс  ұйымдастыру  өте  тиімді  және  бұл  арада  мұғалімнің  оқушымен  қарым-қатынасы,  тіл  табысуы  да  ерекше  рөл  атқарады.  Өйткені, оқушының  арнамысы  сын  келтірмей,  оған  керсінше,  кеңесші  бола  отырып,  жіберген  қателіктерін  сыпайы  да  саналы  түрде  жеткізе  білу  кез–келген  мұғалімнен  үлкен  шеберлікті  талап  етеді.

2-ші,  3-ші,  4-ші сыныптарда  оқушылардың   ой  шапшаңдығын,  сөз  байлықтарын  дамытып,  шығармашылыққа  баулитын  жұмыстардың  түрі- бұл өлең құрастыру.  Бұнда  өлеңдегі  ұйқастарды  табу,  ұйқас  варианттарды  ойлау,  өз  бетімен  өлең  құрастыру  сияқты  түрлері  орын  алады.  Өтірік  өлеңдер,  ертегі,  әңгіме  құрастыру  сияқты  жұмыс  түрі  де  оқушылардың  өз ойын, қиялын қағаз  бетіне  түсіруге  жаттықтырады.   Әңгіменің  мазмұны  күнделікті  өмірдегі  қоршаған  құбылыстардан  бастала  отырып,  оқушы  қиялын  дамытуға мүмкіндік жасайды.  Ал  ертегі  құрастыруда  ең  алдымен,  оқушылардың білетін, оқыған  ертегілерінің  мазмұнын  жаңа  түрде  жаңарта  отырып,  ертегінің  соңын   өздерінше  аяқтауларын  сонымен  бірге  ертегі  мазмұны  бойынша суреттер беріп,  қандай  ертегі  екенін  тауып  оны  әңгімелету. Кейін  оқушылар  түрлі  мазмұнда ертегілер құрастыруды еркін меңгеріп, өз бетінше  шығармашылық  бағытта  жұмыс  жасай  алады. 

Баланың  ойын дамытып,  оны  шапшаңдыққа,  тапқырлыққа  баулитын  жұмыстың тағы бір түрі- бұл жұмбақтар, ребустар,  кроссвордтар  құрастыру. 

2, 3, 4-сыныптардағы  жасақталған  әдістемелік  құралды  жасауда  алдыма  қойған  мақсатым:

1. Берілген  мәтіндер  арқылы  балалардың  ой-өрісін кеңейтіп,  сөздік                 

     қорларын  арттыру.  

2. Оқушылардың  тілін  ұстартып,  білімін  толықтыруына, сауатты  жазуына,  еміле  бойынша  жұмыс  жасай  білуге  төселдіру.

3.  Құрал  оқушының  кітап  оқуға  құштарлық  сезімі  мен  шығарманы                                                                                                                                        

     түсініп  оқу  қабілетін  қалыптастырады.

4.  Оқушылардың  көркем  шығармаларды  оқуы,  суреттер  бойынша  ой-

     өрісін дамытып,  жан-жақты  жеке  тұлға  ретінде  қалыптастырылады. 

Күтілетін  нәтиже:

1. Оқушылар  тіл  дамыту  сабағында  көркем  шығармаларды  оқи  отырып  дамиды,  тыңғылықтылық  жұмыс  жасап,  білімділік  негіздері  жетіледі.

2. Әрбір  оқушы  ізденеді,  сабаққа  белсенді  қатыстырылып,  ойын  еркін  айтып, жазып шығармашылық,  ойлау  қабілеттері  және  сын  тұрғысынан  оқу  және  жазу  әрекеті  дамытылып,  жетілдірледі. 

3. Оқушылардың жазба тілінің дамуына ықпал ету.

 Дәстүрлі  оқыту   баланы  жаттауға  есте  сақтауға  үйретсе,  ал  дамыта  оқыту  баланың дербес жұмыс жасауына, алған білімдерін өмірде  пайдалануға  үйретеді.  Жазу  нақтылыққа  баулиды.  Жазу  ойды  жүйелейді.  Адамның  қабілет  ерекшелігіне,  психологиялық жағдайына  жазу  тікелей  байланысты.  Жазуға  қызықтыру  маңызды.  Дәстүрлі  жазба  жұмыстарында  оқушы  ойын  нормадағы  сөз  санына  сыйғызады.  Еркін  ойын  жазу  шектеледі.  Мәтінге  өз  ойын  қосқанмен,  дәлелдеуге  дәрменсіз  болады.  Сөздік  қорындағы  сөздерді  пайдалану  жолдарын  біле  бермейді.  Өз-өзіне  сене  алмайды.  Кейбір  қиындық  заман  талабынан  туындайды.  Орта  балаға  әсер  етеді.  Жаңашылдыққа  ұмтылуды  мақсат  етті.  Сауаттылыққа  талап  күшейтілді.  Ой  әсемдігін  мәнерлі  сөзбен  жеткізу  көзделді.  Оқушы  өзі  қызыққан  дүние  туралы  жазады.  Тақырып  таңдайды,  өз  ойларын  еркін  жазуға төселеді.  Жазатын  оқушыларды   мадақтау,  газет-журналдарға  беру.  Оқушылардың  осылайша белсенділігін  арттырып, ізденіске салу  қажет  деп  білемін.  Кедергіні жеңіп нақты жазуға үйрету.

Тіл дамыту схемасы

1.Тақырып немесе үйрететін нәрсе

2.Ойына шек келтірмей, тақырыпқа сай жауап жазуға үйрету.

3.Тірек сөздерді пайдалану және сөздік жұмыс істеуге үйрету

4.Грамматикалық тапсырмалармен жұмыс

5.Білімін жүйелеуге үйрету, өз көз қарасын дәлелдеу

6.Топтастыру, салыстыру, орта қасиетін салыстыру

7.Ойын ашық жазу

Сыни тұрғыдан оқу мен жазудың көмегі зор. Оқушы жеке жұмыстануға жаттығады, өз ойын көпшілікке жеткізуге ықпал етеді.

Осындай  тіл  дамыту  сабағына  өткізген  ашық  сабақтарымнан  мысал  келтірейін. 

 

                                      Сабақтың  тақырыбы: Білімді тиянақтау.

Сабақтың мақсаты:

 1.Білімділік  өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтау,тиянақтау.

2.Дамытушылық оқушылардың ақыл-ой, сана сезімдерін зейінін, қабілетін, сөздік қорын дамыту.

3.Тәрбиелік оқушыларды ұқыптылыққа, тазалыққа,адамгершілікке тәрбиелеу жеті аталары туралы түсінік беру.

Сабақтың түрі :бекіту,саяхат сабағы.

Әдіс-тәсілдері :дамыту оқыту, түсіндірру, сұрақ- жауап,жаттығулар орындау

Көрнекіліктер: өрнектер,мысалдар, нақыл сөздер, сызбалар, суреттер.

Пәнаралық байланыс :ана тілі, дүниетану,денешынықтыру,еңбек.

Сабақтың барысы :1Ұйымдастыру кезеңі

Оқу құралдарын түгендеу оқушылардың зейінін,ынтасын сабаққа аудару.

Психологиялық дайындық:

Амансың ба, алтын күн?

Амансың ба, көк аспан?

Амансың ба ,қонақтар?

Амансың ба, достарым?

Амасың ба ,ұстазым?

-Балалар ,біз математика сабағына дайынбыз ба?

-Иә, дайынбыз.

Қатар-қатар тізіліп,

Оқушыға лайық

Қолымызды жіберіп,

Түп-түзу боп тұрайық.

Жақсы болып сабақта,

Әдеп сақтау сәніміз.

Отыруға нақпа-нақ,

Дайындалдық бәріміз.

1-қатар жәй отыр

2-қатар тез отыр

3-қатар сен де отыр

Сабақ бастар кез боп тұр.

2. Үй тапсырмасын тексеру

-Балалар, бүгін  біз саяхатқа шығамыз,біз саяхатқа бару үшін автобусқа мінеміз.Ал  жол жүру үшін ең бірінші билет алу керекпіз.Менің қолымда барлығыңа жететін билет бар. Үйге берілген тапсырманы ,яғни көбейту кестесін билет ала отырып тексерейін.

Сұрақ-жауап әдісі:Балалар ,біз жеті ата ауылына саяхатқа барамыз.

-Балалар , кім өзінің жеті атасын біледі?

Ата,әке, бала,немере,шөбере,шөпшек, немене ауылдарына барамыз.

-Балалар, біз бір ауыз сөзбен қалай атаймыз?

Жеті ата.

-Олай болса, саяхатқа шығайық.

Сәт сапар тілейік.

Бақыт

Байлық

Денсаулық

Сәттілік тілейміз.

1.Ата ауылы:Ата ауылының тапсырмасы.

Өрнекті орында оның мәнін тап.

(8):5=4

8(2911)=320

(1824)7=6

(35-15)·6=120

2.Әке ауылы:Әке ауылының тапсырмасы

Есепті шығар.

Шарты.

Әкелінді-63 қой терісі

Тігілді-7 тон

Әрқайсысына-7 тері жұмсалған

Қалды-? Тері

Шешуі. 63-(7·7)=14(тері)

7·7=49(тері)

63-49=14(тері)

Жауабы.14 қой  терісі қалды.

3.Бала ауылы.Бала ауылының тапсырмасы.

Қалдықпен бөлуді орында.

Дәптермен жұмыс.

Бір деп қолды соғамыз

Оңға бір қараймыз

Екі деп  қолды соғамыз

Солға бір  қараймыз

Үш деп қолды соғамыз

Алдымызға қараймыз

Төрт деп қолды соғамыз

Әдемі етіп жазамыз.

Сызба бойынша қалдықпен бөлуді орында.

5:5=1(қалдық 0)

6:5=1(қалдық 1)

7:5=1(қалдық 2)

8:5=1(қалдық 3)

9:5=1(қалдық 4)

4.Немере ауылы:Немере ауылының тапсырмасы.

Ойнайық та ,ойлайық.

1)    Табақта 35 өрік

Қолыңда 16 өрік

Қосқанда барлығын

Болады неше өрік?(3516)=51 өрік

2)Тал басында  тізіліп

60 жапырақ тұр еді

Жел соқты да үзіліп

Түсті оның 20-сы

Ізінше оның үзіліп

Түсті тағы бесеуі

Тұр әлі ілініп

Жапырақтың нешеуі?60-20=40    40-5=35

3)Табақта 15 алма

Қолымда 5 алма

Барлығын қосқанда

Болады неше алма?

Бесеуін бердім апама

Бесеуін бердім әкеме

Бесеуін алды атамда

Нешеуі қалды өзімде? 155=20  20-15=5

5.Шөбере ауылы:Шөбере ауылының тапсырмасы.

Теңдеуді шеш.

С6=480                    480а=60                   Х6=80

С=480 6                   а=48060                   Х=680

С=80                         а=8                            Х=480

806=480                  4808=60                   4806=80

480=480                   60=60                        80=80

Сергіту сәті:

Мен үлкенмін,

Мен кішкентаймын,

Мен арықпын,

Мен борсықпын,

Қандай болсам да,

Мен сондаймын.

6.Шөпшек ауылы:Шөпшек ауылының тапсырмасы.

Тиісті санды ойлан тап.

225=25

348=3

4=64

 25=255

38=8

49=4

5=75

 8=84

 .Немене ауылы:Немене ауылының тапсырмасы.

Кім жылдам?

Ұзындығы-4см

Ені-2см

Тік төртбұрыштың периметрін және ауданын тап?

Р=4242=12см

(42)2=12см                                 

S=42=8см2

Ұзындығы-4см

Ені-4см

Шаршының периметрін және ауданын тап?

Р=444=16см

(4)=16см

S=44=16см2

Сабақты қорыту:

Тапқыр болсаң шешіп көр.

1.Бір метр неше см-ге тең(100см)

2.Мұсылманның қасиетті айын ата (рамазан айы)

3.Бір сағатта неше минут бар?(60минут)

4.Аптаның екінші күні қалай аталады?(сейсенбі)

5.Қандай геометриялық фигуралардың қабырғалары тең?(шаршы)

Бүгін біздің сабағымыз қалай аталды?

Біз не үйрендік?

Тағы не білгіміз келеді?

Үйге тапсырма: Көбейту кестесін жаттау,жеті аталарын біліп келу.

Сабағымызды мына ұранмен аяқтаймыз.

Біздер тату баламыз,

Өсіп алға барамыз,

Есептерді шығарып,

Біз білімді боламыз.

Ғылымның сырын ұғына,

Шығыңдар білім шыңына.

Ұқыптылық пен зеректік

Жеткізсін сіздей өренді

Математика сырына.

Бес болсын алар бағамыз

Білімнен бақыт табамыз

Өнер білім көп оқып,

Өсе берсін санамыз.

Бәрекелді балалар,

Бәріңе жақсы баға бар.

Бағалау:

Азамат  боп өсіңдер,

Ел қадірін бағалар.

Міне оқушым қаншаға,

Кеңейді өріс өреміз.

Әр сабақтан  тамсана,

Інжу маржан көреміз.

Баға алмаған балалар,

Келесіде білгенін.

Тағы да айтып береміз,

Қолымыздағы жүректі

Қонақтарға береміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.     Аржанова Е.В.Педагогикалық жәрдем беретін сыныптарда «қиын» балалармен психологтың жұмыс тәжірибесінен. Дефектология-1995ж.-№2

2.     Ахантаева Г.  Тіл дамыту-ой дамыту. Қазақ тілі мен әдебиеті 1997ж. №11-12

3.     Есімғарина Т. Тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастырудың жолдары. Қазақ тілі мен әдебиеті 1994ж  №11-12

4.     Екжанова Е.А.    П.Д.Ш. балалар және мектепке дейінгі мекемелер жайында оның психолого- педагогикалық коррекциялау жолдары. Дамуында ауытқулары бар балаларды тәрбиелеу және оқыту 2002ж №1

5.     Бастауыш мектеп. Коррекциялық-дамыта оқыту. Бағдарламалы әдістемелік материалдар. 2001ж. Қазақ тілі

6.     Дробинкая А.О. Бастауыш сынып оқушыларының оқуға деген белсенді қатынастарын қалыптастыру жолдары. Дефектология-1999ж. №3

7.     Мустаева Л.Г. Психологиялық дамуы шектеулі балаларда коррекциялық- педагогикалық және әлеуметтік-психологиялық аспектілер. Бастауыш мектеп. 2005ж.

 

 

 

 

                                              

 

 


Просмотров: 6239
Дата создания: 23.04.2013
Дата редактирования: 23.04.2013

Интернет-ресурстың интерфейс тілін таңдап алыңыз

Выберите язык интерфейса Интернет-ресурса

Select the interface language of an Internet-resource




Интернет-ресурстың контент тілін таңдап алыңыз

Выберите язык содержимого Интернет-ресурса

Select the content language of the Internet-resource